"Үздік аттестатты саудалаған". Шымкентте былтыр істі болған директор қайтадан бұрынғы қызметіне тағайындалды

"Үздік аттестатты саудалаған". Шымкентте былтыр істі болған директор қайтадан бұрынғы қызметіне тағайындалды

"Үздік аттестатты саудалаған". Шымкентте былтыр істі болған директор қайтадан бұрынғы қызметіне тағайындалды
ашық дереккөзі
Шымкентте №125 мектепте бір жыл бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша үстінен іс қозғалған директор бұрынғы қызметіне тағайындалған, деп хабарлайды informburo. Ата-аналар мен мұғалімдердің айтуынша, оқушылар мен мұғалімдерден ақша жинап, кәсіподақ қаражатын жымқырып, тонналап көмір сатты деп айыпталған директордың ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлі тергеп жатыр. Бірақ осыған қарамастан, аппеляциялық соттан ұтып шықтым деген басшы өз орнына қайта тағайындалғанын айтады. Экс-директордың қайта тағайындалуына көпшілік қарсы. Ол үздік шәкірттердің қызыл аттестатын да саудаға салған.
– 100 мың сұрады. Кейіннен мейлі, әйелің осы жерде істегеннен кейін по свойский 50 мың деді. Мейлі, мақұл деп қойдық. Қызыма берді, қызыл емес, көк диплом берді, - дейді ата-аналардың бірі.
Ал директордың айтуынша, былтыр істі болып, артынша өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берген. Алайда, араға аз уақыт салып, директорлық қызметіне оралу үшін сотқа арызданыпты. Алғашқы сатыда талабы қанағаттандырылмаған ол, аппеляцияда ұтқанын айтады. Ал, қызметке алу үшін ақша сұрады, дипломды саудаға салды деген ақпарат жалған дейді.