Үндістанда муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр (видео)

Үндістанда толассыз жауған муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр. Бұл туралы India Today жазады.

Оқиға 13 маусымда Гаткопар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын тұрақта тереңдігі шамамен 15 метр болатын құдық болған. Ол бетонмен арнайы құйылған. Бірақ бір апта бұрын басталған жаңбыр оны толығымен шайып кеткен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция келді. Нәтижесінде, шамамен 12 сағаттан кейін көлік кранның көмегімен құдықтан шығарылды.

«Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, зардап шеккендер жоқ, өйткені көлікте ешкім болған жоқ», — деп мәлімдеді қала билігі.

Back to top button