Жаңалықтар

Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Новосібірде газ құятын станцияда жарылыс болды. Зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

10-нан астам адамның жағдайы ауыр деп бағаланады. Төтенше жағдайлар қызметі адамдар әлі де көмек сұрап жатыр деп қосты. Кейбір зардап шеккендерді жолай өтіп бара жатқан көліктер ауруханаға жеткізген.