Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
ашық дереккөзі
Новосібірде газ құятын станцияда жарылыс болды. Зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
"Барлығы 35 адам зардап шекті, олардың 20-сын әртүрлі дәрежеде күйік шалған, дереу ауруханаға жатқызылды. Тағы 15 зардап шеккен адамға амбулаторлық көмек көрсетілді", - деді ақпарат көзі.
10-нан астам адамның жағдайы ауыр деп бағаланады. Төтенше жағдайлар қызметі адамдар әлі де көмек сұрап жатыр деп қосты. Кейбір зардап шеккендерді жолай өтіп бара жатқан көліктер ауруханаға жеткізген.