Атырауда жоғалған төрт бала табылды

Атырауда жоғалған төрт бала табылды

Атырауда жоғалған төрт бала табылды
ашық дереккөзі
Атырауда жоғалған балаларды  Ұлттық ұланның сарбаздары тауып, ата-аналарына табыстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 13 маусым күні сағат 22:30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына екі баланың анасы хабарласқан. Олар көрші балалармен ойнауға шыққан балаларының әлі үйге келмегенін айтқан.
«Жоғалған балалар туралы ақпарат құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамына таратылды. Қатардағы патруль бастығы Назар Ізбасов пен құрамында патрульдік қатардағы сарбаздар Азамат Исмаилов пен Бекболат Бейсенбаев бар әскери наряд «Жеңіс» саябағының жанында жүрген төрт баланы байқаған. Олар жоғалған балалардың сипаттамасына ұқсас болған. Ал, Азамат, Азат, Рауан және Данил есімді балалар ойнап жүріп, үйінен алыстағанын аңғармағанын айтқан», - деп хабарлады қолбасшылықтың баспасөз қызметі.
Ұлттық ұланның сарбаздары Жедел басқару орталығы арқылы балаларды ата-аналарына тапсырды. Сарбаздарға №5546 әскери бөлім командирінің алғысы жарияланды.