Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелдің ісі бойынша сот отырысы басталды

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелдің ісі бойынша сот отырысы басталды

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелдің ісі бойынша сот отырысы басталды
ашық дереккөзі
Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелге қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. СҚО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халық арасында резонанс тудырған іс бойынша сот талқылауы өтті. Әйелге "үш жастағы қызын ұрып-соқты, нәтижесінде нәресте қаза болды" деп айып тағып отыр. Сот отырысында үш жасар Александра Захарованың әкесі анықталмағаны белгілі болды. Туған анасы баласынан бас тартып, оны балалар үйіне қалдырып кеткен. Әйелдің алыс туыстары бұл туралы естіп, қызды өз қамқорлығына алған. Сәбидің аты-жөнін ауыстырып, тіпті заңды түрде асырап алуды ойлаған. Бірнеше жылдан кейін, 2020 жылдың желтоқсанында баланың анасы қызды қайтарып алған.
"Аналық сезімі оянды деп ойладық. Бізге бұл жағдай ауыр болды. Жұбайым бір күн сайын барып, қызды көріп тұратын", - дейді жәбірленуші Виталий Захаров.
Виталий Захаров құжаттарда баланың әкесі ретінде көрсетілген. Бірақ ол қыздың туған әкесі емес екенін айтты. Қаңтарда нәресте ауруханаған реанимация бөліміне түскен. Бір айдан кейін бала қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама қортындысына сәйкес, өлімнің себебі жабық ми жарақатынан болған. Айыпталушы жасаған ісіне өкінетінін айтты. Қазіргі уақытта ол 22 жаста, жұмыс істемейді, бұрын сотталмаған. Баланың анасына 3 бап бойынша айып тағылып отыр: ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі және ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі. Бірінші отырыста жәбірленуші мен куәлардан жауап алынды, 23 маусымда жауап алу жалғасады. Еске салайық, 27 ақпанда анасынан таяқ жеген нәресте есін жимастан қайтыс болғаны хабарланған болтаны. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті.