Министр Серік Шәпкенов наразылық білдіре келген көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты

Министр Серік Шәпкенов наразылық білдіре келген көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты

Министр Серік Шәпкенов наразылық білдіре келген көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтып, жанайқайын жеткізгісі келеді. Жұмыс барысында көптеген жиналыс болады. Менің екі кеңесшім бар. Екеуі арнайы осындай мәселелер бойынша халықпен кездесіп, барлығының мән-жайын біліп отырады", - деді Шәпкенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, біреулер жеке бастың мәселесімен келеді, енді біреулер барлығына ортақ жүйелі проблеманы айтады. Сол себепті министр халықпен екі кеңесшісі кездесетінін, егер тез арада шешілетін мәселелер болса, әрине, шешуге көмектесіп жататынын айтты.
Үлкен жүйелі мәселелер болады. Осы мәселелермен менің орынбасарым, вице-министр Әукенов Ерлан Маратұлы айналысады. "Жанұя" деген орталықта арнайы кездесулер өткіземіз. Сол жерде мүгедек азаматтардың жағдайын жақсарту, ұлттық жоспарымыз бен жаңа заң жобаларын талқылаймыз", - деп атап көрсетті Шәпкенов.