«Посткеңестік елдердің ішінде қазақстандық сот жүйесі үздіктер қатарында» – шетелдік маман

«Посткеңестік елдердің ішінде қазақстандық сот жүйесі үздіктер қатарында» – шетелдік маман

«Посткеңестік елдердің ішінде қазақстандық сот жүйесі үздіктер қатарында» – шетелдік маман
ашық дереккөзі
Маусым айының бас кезінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары үшін алғаш рет брифинг өткізді. Осы кездесуде «бірегей» деген сөз жиі айтылды. Осындай сөздер бірқатар адамдардың аузынан әр тілде  естілді. Алайда, әдетте баға беру мәселесіне сақтықпен қарайтын шетелдік қонақтар өз әсерлері мен көрген-білгендерін жасырмады. Шет елдер мен компаниялардың жүзге жуық өкілдері Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асановты тыңдап, бірқатар сұрақтарға жауап алды. Олардың арасында Америка, Түркия, Қытай, Италия, Нидерланды, Франция, Египет, Беларусь, Финляндия, Грузия, Украина, Куба, Словакия, Вьетнам, Индонезия, БАӘ, Болгария, Израиль, т.б. елдердің елшілері мен елшілердің орынбасарлары болды. Кездесуді Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин жүргізді. Назгүл Ерғалиева сот жүйесіндегі реформалардың нәтижелері туралы өз көзқарасын білдірді. Сөз сөйлеп үлгерген қонақтар оның тұсаукесерінің сапасын және брифингтің мол ақпарат ұсынғанын атап өтті.  width= Н. Ерғалиева реформаторлар тобының мүшесі ретінде Қазақстандағы сот реформасы туралы әңгімеледі. Реформа тәуелсіздік пен бейтараптықтың жоқтығы, сыбайлас жемқорлық, судьялардың кәсібилігі сияқты проблемаларды ашып берді. Сын объектілері ретінде олар сот жүйесіне деген қоғамдық сенім деңгейінің төмен болу себебін түсіндірді. Оларды жою үшін мынадай  шаралардың қабылданғаны туралы  айтылды. Соттардың тәуелсіздігі мәселесі туралы айтар болсақ, олардың төрағаларының рөлі, судьялардың мансабына ықпалы және тәртіптік санкциялар шектеулі. Осы лауазымда болу мерзімінің қысқартылуы ешкімді қызықтырмады. Қазіргі таңда  әрбір 4-ші аудандық сотта төраға жоқ. Сот жюриі Жоғарғы Соттан өз алдына бөлек жұмыс істейтін Жоғары Сот Кеңесіне берілді. Кеңейтілген жалпы отырыстар судьяларға жүйенің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға мүмкіндік береді. Судьялар нақтылы бюджет жүйесі бойынша атқарушы билікке тәуелділіктен арылды. Судьялардың кәсібилігін арттыру үшін оларды іріктеу күшейтілді. Бұл лауазымға өту көрсеткішін төмендетті. Осы көрсеткіш бұрын 25% болса енді 6%-ға дейін төмендеді. Судьялардың кәсіби біліксіздігін бағалаудың жаңа әдістемесі енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша жабық корпоративтік мәдениет саясаты ашық тергеумен ауыстырылды. Судьялар сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілікке соңғы 3 жылда бұрынғыға қарағанда көбірек тартылды. Енді судьялар құқық қорғау органдарының қысымына қарсы тұратын болды. Осы шара айыптау бағытын жоюды көздейді. Ақталған адамдардың саны бірден 2,2 есе өсті. Олардың көпшілігі ауыр қылмыстық істер бойынша ақталуда. Адвокаттар шағымдарының үштен бір бөлігі қанағаттандырылуда. Бұрын осы көрсеткіш 25%-ды құрайтын. Алқабилер қарайтын қылмыстар санаты 13-тен 32-ге дейін кеңейтілді. Барлық аса ауыр қылмыстар 2023 жылдан бастап олардың юрисдикциясына өтеді. Бұған дейін мемлекеттік органмен арадағы дауларда жеке компаниялардың жеңіске жету ықтималдығы шамамен 14% болды. Инвесторларға көмек ретінде 2015 жылы Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы құрылды. Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдауға 15 жыл уақыт кетті. Енді азаматтар мен бизнес мемлекеттік органдармен қарым-қатынас кезінде өз құқықтарын қорғап, жосықсыз басқаруға жол бергендері үшін оларды жауапкершілікке тарта алатын болды. Сот төрелігінің сапасы соттардың жүктемесін азайтып (даусыз талаптардың 70%-дан астамы шешілді), талқылау мерзімдері бойынша қысымды төмендетті. Дау тудырмайтын мәселелерді әкімшілік салаға қайта бағыттау 2018 жылғы сыни жағдайларға қарағанда істердің түсуін үш есе азайтты. Енді судьялар шешімді жаңа формат бойынша қабылдап, шешімдері бойынша түсіндірме береді. Барлық сот ғимараттарының 2/3 бөлігін жөндеу азаматтардың сапалы қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта сот ғимараттарында әрі қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетіледі. Әлемдік рейтингтерде Қазақстан барлық негізгі «судьялық» көрсеткіштер бойынша өз орнын жақсартты. БҰҰДБ-ның 2020 жылғы тәуелсіз зерттеулеріне сәйкес, Дүниежүзілік банктің жобасы бойынша қалың жұртшылықтың 53%-ы соттарға сенеді. Соттардың қызметін  пайдаланушылардың 67%-ы өз тәжірибелерін оң бағалайды. Судьялардың жұмысына қарағанда олардың өздері туралы теріс пікір білдіріледі. Мұны басқа елдерден де байқауға болады. Н.Ерғалиева реформаларды жалғастыру үшін қажетті бастамалар туралы да айтты. Үш деңгейлі жүйе тежемелік әрі тепе-теңдік тетігін құруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қылмыстық процесте полиция, прокуратура және сот атқаратын міндеттер нақтылы бөлінеді. Дәлелдеудің жаңа ережелері (ақпарат сотта ұсынылғаннан кейін және сот оны жарамды деп танығаннан кейін ғана дәлелдеме болады) және рәсімдер ұсынылды (сот прокурордан айыптауды ғана алады, ал арызды  адвокаттан алады). Цифрландыруды дамыту сот шешімдерін барынша ашық етеді әрі тұтынушыларға сот практикасын іздеу және істің аяқталу ықтималдығын болжау мүмкіндігін береді. Судьяларға арналған электрондық көмекші қарапайым істер бойынша шешімдерді әзірлейді және қағаз жүктемесін азайтады. Эксаумақтық юрисдикция істерді талап қоюшылар жүгінетін бір соттың судьялары арасында ғана емес, сонымен бірге елдің барлық судьялары арасында бөледі. Жоба судьяларды бейтарап етеді әрі жергілікті жердегі ықпалдан босатады, өңірлер бойынша жұмыс жүктемесін теңестіреді. Н. Ерғалиева жергілікті судьяларды судьялық көшбасшылықты дамытуға көбірек тарту, сапалы сот оқуына ден қою және болашақ реформалар үшін берік ғылыми негіз қалау, осы реформалардың соттарға және одан тыс жерлерге әсерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар тобын тарту қажет деп есептейді. БІРЕГЕЙ БРИФИНГ Кездесуде Палестина Елшісі Мунтасер Абу Зейд «Қазақстанда әділетті шешім қабылдау үшін заңнан басқа қандай негіз бар?» деп сұрады. Оған жауап бере келіп, Ж. Асанов елдегі мемлекеттік билік заң шығарушы, сот және атқарушы билік болып бөлінуі арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. «Сот билігі заңдарды қабылдамайды, бірақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Конституция құқықтың қайнар көзі болып табылады. Судьялар оны басшылыққа алады. «Құқықтың басқа көзі жоқ. Заңдар өмірдің барлық жағдайларын реттей алмайды. Сондықтан судья ішкі сеніміне, өзінің ақыл-парасатына, қисынды шешімі мен  кәсіби  қабілетіне, адалдығы мен тәртіптілігіне ден қояды», - деді ол.  width= Германия елшісі Тило Йоханнес Клиннер «ҚР Үкіметі ЖС шешімдерін орындай ма және инвесторлармен арадағы дауларды АХҚО сотында шешу мүмкіндігі көп пе?» деген сұрақ қойды. «Сіз ЖС шешімдерінің орындалмауы туралы айтып, қарсыластармен болатын дау-дамайға қатысты маған жақсы қолдау білдіріп отырсыз», - деді Ж. Асанов. Жоғарғы Соттың Төрағасы «мемлекеттік органдар қош көрмейтін» ӘРПК-нің енгізілуін осы кемшілікті жоюдың жолы деп біледі. Кодекстің мәні – адам мен бизнеске өз келіспеушіліктерін білдіруге мүмкіндік беру болып табылады. Бұдан әрі мемлекеттік орган өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тиіс. АХҚО сотының тіркеушісі Кристофер Холттың пікірінше, Н.Ерғалиеваның таныстырылымы аз ғана уақыт ішінде прогреске қол жеткізудің үлгісі болып табылады. Ол АХҚО соты мен төрелік орталығы дауларды шеше отырып, өзінің абсолютті тәуелсіздігін қамтамасыз ететініне сендірді. Оның айтуынша, 4 жыл бойы және 2 тоқсан кезеңінде қызмет атқарған кезде олар 447 істі сәтті шешкен. К. Холт «мұны сот пен орталық үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш» деп санайды. Барлық істер бойынша шешімдердің 100%-ы орындауға қабылданды. Берлин қалалық сотының судьясы Йорг Пуделька жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністің артықшылықтарын атап өтті. Мемлекеттік органдар өз шешімдерінің дұрыстығын дәлелдеуге міндетті және сот актілерінің орындалуын соттың өзі бақылайды. Ол реформаның нәтижелері Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартатынына сенімді. Австрияның Елшісі Вилли Кемпелдің «судьялардың заңнаманы жақсартуға мүмкіндігі бар ма?» деген сұрағына Жоғарғы Сот Төрағасы: «Егер судья заңның Конституцияға қайшы екенін көрсе, онда ол істі қарауды тоқтата тұруға және заңның осы нормасының конституциялылығын анықтау үшін Конституциялық Кеңеске жүгінуге құқылы», - деп жауап берді. Ватиканның Апостолдық Нунцийі Фрэнсис Ассизи Чулликат  Ж. Асановқа: «Бұрын сіз әділ соттың жоқтығына, судьялардың тәуелсіздігіне және сот бақылауының нашарлығына алаңдаушылық білдірген едіңіз. Сізге қайсысын шешу қиын болды және қандай нәтижеге  қанағаттандыңыз?» деп сұрақ қойды. Ж. Асанов әйтеуір бір адам ақталған кезде өзінің 3 жыл бұрын жұмыстан жақсы көңіл-күймен қайтқанын мойындады. «Сол 2018 жылы сот 75 адамды ақтады! Бұл бір ерекше жыл болды» деді ол. «Судьялар үшін бұл нағыз таңдандырарлық жағдай болды. Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін ақталған адамдардың саны бұған дейінгі үш жылдағы нәтижені бірге алып салыстырғанда 8 есе өсті! Судьяның тәуелсіз болуы мәселесінің, әділеттілік пен кадрлардың тұрақсыздығы мәселесінің  шешілгеніне қуаныштымын. Көптеген судьялар күніне 51-ге дейін шешім қабылдауға мәжбүр болған кездерде талайы қызметтерінен кетті», - деп еске алды Жоғарғы Сот Төрағасы. «Жоспарлар үміт артады. Тіпті дамыған елдер де өзгерістерді бастан кешіруде. Ең бастысы – проблемаларды қалай жеңуге болатынын нақты көре білу, кәсіби команда, Президенттің ерік-жігері, әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істеу», - деп сенеді ол. «Бейкер және Макензи» қазақстандық кеңсесінің директоры Куртис Мастерс «Қазақстанның сот жүйесін бұрынғы кеңестік елдердің ішіндегі ең үздіктердің бірі» деп санайды. Реформалардың ішінде ол цифрландырудың даму деңгейін атап өтті. Басқа елдерге қарағанда пандемия Қазақстан соттарының жұмысына әсер етпеді. Мұны инновациялық қадамнан және инвесторлардың қатысатын дауларды қарау сапасының жақсаруынан байқауға болады. Сонымен қатар ЖС басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы барынша төзімділік саясатын ұстанғаны аталып өтілді. Ол соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет деп есептейтінін айтты.  width= Ауғанстанның Уақытша Сенімді Өкілі Азизулла Омардың сот шешімдерін орындаудың және сенімді қарым-қатынастарды қалпына келтірудің маңыздылығы туралы тезисіне орай Жоғарғы Сот Төрағасы 2018 жылы Сингапурға барған сапарын еске алды. «Онда аудандық сотта 86 судья жұмыс істеді, олардың 11-і бірінші қабатта отырады және келіп түскен талап қою арыздарының 95%-ын татуласу арқылы шешілді. Қойылған талаптар сотқа жетпейді әрі достық қарым-қатынас сақталады. Келіп түскен талап қою арыздарының тек 5%-ы ғана сот ісін жүргізуге қабылданады», - деді ол. Ол бұл елде тіпті медиаторлар жұмыс істейтін ғимараттың судьялардың кабинеттеріне қарағанда заманауи екенін атап өтті. Оның пікірінше, судьяларға деген сұраныс азаяды, яғни адамдар дауларды шешу барысында ымыраға келуі керек. Жоғарғы Сот Төрағасы Президенттің сот төрелігін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударатынын хабарлады. Қ.Тоқаев судьялар корпусының стратегиялық міндеті қоғамның оларға деген сенімін арттыру екенін әрдайым баса айтады. Оның басшылығымен Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. «Сот реформалары барлық елдерде тұрақты жүріп жатыр. Біз де бұдан тыс қала алмаймыз. Біздің реформамыз белсенді даму үстінде. Біздің соттар мен судьялар кіршіксіз жұмыс істеуде деп айта алмаймыз. Көптеген юрисдикциялар сияқты бізде де бірқатар қиындықтар бар. Осы мәселелерге баса назар аударылуда», - деді ол. Дипломаттарға арнаған сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов олардың реформаларға қанағаттануы мәселесі бойынша сауалнама жүргізуді және осындай брифингті өткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды. Өзара пікір алмасу үшін жыл сайын маусым айының басында басқосу жоспарланды.

Гүлмира Мұханбетжанова,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті

Баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары