«Тура боевик фильмдегідей»: Ақтауда газель жарылды (видео)

Жеңіл автокөлік үздіксіз ағылып жататын Ақтау – Таушық тас жолында «Газель» отқа оранды. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт ауыздықталды, деп жазды өңірлік «Лада» басылымы.

Белгілі болғандай, бұл оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Тура фантастикалық немесе боевик фильмдегідей», «Видеоға түсірген адам жарылыс болатынын білмеген», «Жүргізуші жүрек жұтқан екен»,  деп жазды желі пайдаланушылары.

Back to top button