Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлене ме? - Министр пікір айтты

Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлене ме? - Министр пікір айтты

Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлене ме? - Министр пікір айтты
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов есеп беру кездесуінде әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақ кейінгі кезде жиі қойылып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Барлық жәрдемақыны тоқтатып, әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақты депутаттар да қойып жатыр, әлеуметтік желіде де, ортақ талқылауда да жүр. Бірақ біз бұл мәселенің екінші бір жағын да қарастыруымыз керек, мысалы қазірдің өзінде бізде 18 жасқа дейінгі 6 миллионнан аса бала бар. 42 мыңнан деп есептегенде оның қаражаты өте қомақты болады", - деді министр.
Министрліктің қазіргі бюджеті 4 триллионға жақын, оның көп бөлігі ана мен балаға жұмсалады екен.
"Республикалық бюджет 14 триллион, яғни үштен бірі біздің министрлікте. Оның 96 пайызы жәрдемақы, зейнетақы сияқты төлемдерге жұмсалады. Ал, ана мен балаға 700 миллиардтан аса қаражат бөлініп отыр. Оның бала күтіміне байланысты, бірреттік төлем деген сияқты түрлері бар, егер оның барлығын алып тастап, біріктірілген жәрдемақыны енгізетін болсақ, белгілі бір категориядағы адамдарда сұрақтар туындайды, сол үшін оның барлығын жіті зерттеп шығу керек", - деді Серік Шәпкенов.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазақстандық мамандар шетелдің тәжірибелерін жіті зерттеп жатыр, егер оңтайлы нұсқа табылса, елдегі жәрдемақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіліп қалуы мүмкін.
"Қазір әлемдік жақсы тәжірибелерді қарастырып жатырмыз, оның ішінде Ресей сияқты және өзге де шет мемлекеттер бар, экономикалық жағдайымызды ескеріп, егер тиімді модельдер болса алдағы уақытта қарастырамыз", - деді министр.