Еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зауыт салынады

Еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зауыт салынады

Еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зауыт салынады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. «Түзілетін қалдықтардың көлемін қысқарту үшін «Waste to Energy» қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізу жөніндегі заң қабылданды. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін алты қала белгіленді. Олар: Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен. Әкімдіктер зауыт құрылысына қажет жер телімдерін бөлді. Энергия беруші ұйымнан электр желісіне қосудың таяу нүктелерін бекітті. Энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру үшін аукционды өткізуге құжаттарды қабылдау басталды. Екінші жартыжылдықта қорытынды шығарамыз», - деді ведомство басшысы. Министр рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының проблемасына да тоқталды. «Ғарыштық мониторинг аясында жыл сайын сегіз мыңға жуық қоқыс үйінділері анықталады. Бұл ретте, заңсыз қоқыс үйінділері мәселесін жүйелі шешу үшін жаңа Экология кодексінде қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген. Қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындар үшін лицензиялау және қоқыс шығаратын ұйымдар үшін хабарлама жасау тәртібі енгізілді», - деді министр.