«Кешір, анашым... Әр күнім азапқа толы болды»: өзіне қол жұмсаған бойжеткен анасы хат қалдырған

«Кешір, анашым... Әр күнім азапқа толы болды»: өзіне қол жұмсаған бойжеткен анасы хат қалдырған

«Кешір, анашым... Әр күнім азапқа толы болды»: өзіне қол жұмсаған бойжеткен анасы хат қалдырған
ашық дереккөзі
Москва-Сити тұрғын үй кешенінің 86 қабатынан құлап, мерт болған Қазақстанның тумасы Диана Белорукова VK әлеуметтік желісінде өлер алдында өзінің жағдайын айтып, анасымен қоштасқан.  Бойжеткен небәрі 20 жаста болған.
«Әр күнім мен әр сағатым азапқа толы. Бұл не? Дәрігерлер неге көмектесе алмайды? Ешқандай психологиялық техника әсер етпейді. Денім сау секілді, өмірге құштармын, талпынамын, өзіме және өзгелерге сенемін… өзімді жақсы сезінетін де секілдімін. Бірақ неден денем ауырып, көңіл-қошым болмайтынын түсінбеймін» - деп жазған Диана.
Бойжеткеннің соңғы жазбаларынан оның өзіне қол салуды жоспарлап, соған дайындалғанын аңғаруға болады.
«Батылдық пен ұмтылыс керек. Алайда менде тіпті күш жоқ. Бұлай істемесем де болар еді. Бірақ  осы күйімді қабылдай алмайтыным түсінікті», деп сөзін жалғапты ол.
Сонымен қатар ол анасына үндеу жасаған.
«Анашым, өмір сыйлағаныңа рахмет. Сабыр етіп, мені кешір. Сенің келіспейтіңді білем, бірақ менің өлімім сенің бақытыңа кедергі болмауы тиіс. 20 жыл өмір сүрдім, ештеңеге өкінбеймін. Сондықтан бұған қатты қайғырмауыңды сұраймын», деп қоштасқан Диана.
Қайғылы оқиға 11 маусымда болды. Бойжеткен 86 қабаттан құлап, көз жұмды. Мәскеуде Тергеу комитеті тергеу жұмысын бастап кетті.