Коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллион дозасы жойылады. Неліктен?

АҚШ-тағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) америкалық Johnson & Johnson коронавирусқа қарcы вакцина өндірушісінің Балтимор зауытындағы қателігіне байланысты препараттың 60 миллион дозасын жою керегін хабарлады, – деп жазды Tengrinews.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

FDA мәліметі бойынша, вакцинаның бірнеше партиясы жұқпалы болуы мүмкін, сондықтан қолдануға жарамсыз. Ұйымның бұйрығымен Johnson & Johnson вакцина шығаратын Emergent BioSolutions компаниясы өндірісті тоқтатқан. Өйткені препараттың компоненттері AstraZeneca вакцинасымен араласып кеткен.

Johnson & Johnson вакцинасының қауіпсіздігі туралы ақпарат АҚШ-та вакцинацияға сұранысты төмендетіп, бір реттік жаппай вакцина салуды баяулатты. АҚШ-та өндірілген 21 миллион дозаның жартысына жуығы қолданылмай қалған.

Қазіргі уақытта FDA Балтиморда шығарылған AstraZeneca-ның миллиондаған дозасын тексеріп жатыр. Оның он миллионы қолдануға жарамды болды.

Бұл ақпараттан кейін Канада Балтиморда өндірілген Johnson & Johnson вакцинасының 300 мың дозасын пайдаланудан бас тартатынын хабарлады.

Бұған дейін АҚШ Johnson & Johnson әзірлеген препаратпен вакцинацияны тоқтата тұруды ұсынған болатын. Кейін бірқатар Еуропа елі америкалық вакцинаны қолдануды тоқтатты.

Back to top button