Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту жоғары мәртебеге ие
Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту жоғары мәртебеге ие
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту мен қандастарымыздың ана тілінде білім алуы» тақырыбында онлайн конференция өтті.
⠀
Шараның негізгі мақсаты - шетелдегі этникалық қазақтардың білім алуына және тілін сақтап қалуына жағдай жасау, қазақ тілінің таралу аймағын кеңейту, шет елдердегі қазақтар арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
⠀
Бүгінде аталған тақырыпта көтерілген мәселе мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие. Мысалы, ҚР стипендиялық бағдарламасы арқылы еліміздің жоғары оқу орындарында шетелдік қандастарымызды оқыту үшін биыл бакалавриатқа - 490, магистратураға -50, докторантураға 10 орын бөлініп, білім алуға мүмкіндік қарастырылуда.
⠀
Бұл стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау 7 маусым -20 шілде аралығында жүреді. ҚР БжҒ министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ұйымдастырып отырған бұл жеңілдіктер қандастарымыздың атамекенінде білім алып, тілін, дәстүрін терең меңгеруге көмектеседі.
⠀
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қолдау шаралары жүзеге асырылып келеді. Қытай, Моңғолия, Иран, Өзбекстаннан келген қандас азаматтарымыз бірнеше жылдан бері білім алып жатыр. Барлық студенттерге сияқты бұларға жақсы жағдай жасалған, жайлы жатақханамен қамтамасыз етілген. Дайындық бөлімдері жұмыс істейді. Қандас студенттеріміз барлық пәндерді ана тілінде оқиды. Университет білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, қандас студенттерге арналған жобаларға ерекше көңіл бөлнуде» - деп өзекті тақырып төңірегінде жоспарлар мен жасалған жұмыстар бойынша қысқаша шолу жасады.
⠀