Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған футболист жағдайын айтты

Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен жағдайы туралы айтты, – деп жазды «Чемпионат» басылымы.

«Бәріне рақмет, мен берілмеймін. Қазір жағдайым жақсы, бірақ, не болғанын түсінгім келеді. Маған көмек көрсеткен әрбір жанға алғыс айтамын», – деді Эриксен La Gazzetta dello Sport басылымына.

Данияның «BT» басылымының ақпараты бойынша, «Интер» құрамасының жартылай қорғаушысы ауруханаға жатқызылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң клуб мүшелеріне хабарлама жіберген.

Эриксен миландық «Интер» футболшыларының WhatsApp-тағы тобына: «Жағдайым жақсы, жақында ораламын деп үміттенемін» деп жазған.

Еске салайық, ЕURO-2020 турнирінің сенбідегі Дания және Финляндия арасындағы матчте Эриксеннің жүрегі тоқтап қалып, алыңда құлаған еді. Футболшыға бірден көмек көрсетіліп, кейін оны ауруханаға алып кетті.

 

Back to top button