COVID-19: Вакцинаның бірінші дозасын алып, ауырып қалсаңыз не істеу қажет?

COVID-19: Вакцинаның бірінші дозасын алып, ауырып қалсаңыз не істеу қажет?

COVID-19: Вакцинаның бірінші дозасын алып, ауырып қалсаңыз не істеу қажет?
ашық дереккөзі
№12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиеваның айтуынша, вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күту қажет. «Егер антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды. Ал антиденелер саны аз болса вакцина қажет, әйтпесе ауырып қалуыңыз мүмкін. Әр ағзаның дербес және антиденелердің жойылу жылдамдығы әр түрлі екенін түсіну керек», – деді эпидемиолог. Дәрігер вакцинаның қалай әсер ететінін түсіндірді. «Азамат екпе пунктіне келеді, келісімге қол қояды, терапевттен медициналық тексеруден өтеді және осыдан кейін ғана дельтоидты бұлшықетке вакцинаның бірінші дозасын алады. Содан кейін бейдж беріліп күту аймағына жіберіледі, онда отыз минут мамандардың бақылауында болады», – дейді ол. Сонымен қатар, ол вакцинаны 18 жасқа дейінгі адамдар, жүкті және емізетін әйелдер, аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулары бар адамдардан басқалар алуға тиіс.