Алматыда полицей көлігі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға 14 маусым таңғы 7:00 шамасында болған. Алатау ауданында «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып маневр жасаған көліктен қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Хюндай элантра» көлігінің жүргізушісі, полиция қызметкері Өтемісұлы көшесінің оңтүстік бағытында келе жатып, кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргінші С.есімді азаматты қағып кетті. Сондай-ақ «Газель» автокөлігіне соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button