Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиланд пен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, “Қазақстан Республикасының аумағында Венгрия, Таиландия және Моңғолия азаматтарының қолындағы вакциналау туралы паспорттың, сертификаттың, анықтаманың күші бар деп танылсын”, делінген сенбіде жарияланған қаулыда.

Осылайша, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтағы департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан шекарасына кірген Венгрия, Таиландия мен Моңғолия азаматтарын еш кедергісіз өткізеді.

Алайда аталған мемлекеттерден келген азаматтардың қолында тиісті құжаты болуы керек.

Back to top button