Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин дүниеден өтті

Премьер-Министр Асқар Маминнің әкесі, Еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті, – деп хабарлайды Sputnik.kz.

Ұзақбай Мамин 1937 жылғы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған.

Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өткен.

Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Back to top button