Жаңалықтар

EURO-2020: Англия құрамасы турнирді жеңіспен бастады

ашық дереккөзі

EURO-2020: Англия құрамасы турнирді жеңіспен бастады

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде әлемнің вице-чемпионы Хорватиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен матчтің 6-минутында ағылшындар есеп ашуға жақын болды. Бірақ Фил Фоден тепкен доп қақпа бағанасына тиді. Бұл бірінші таймдағы ең қауіпті шабуыл болып, командалар үзіліске дейін есеп аша алмады. Алаң иелері ойынның 57-минутында алға шықты - Калвин Филлипстің пасынан кейін Рахим Стерлинг көзге түсті.