Димаш Денис Тенді еске алды: «Ұйқың тыныш болсын, менің аңыз досым!»

Бүгін қазақстандық атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Димаш Құдайберген осы күнге орай Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұм спортшы жайлы жазды.

«Бүгін біздің батырымыз Денис Теннің туған күні. Сен біздің мәңгі жүрегіміздесің. Ұйқың тыныш болсын, менің аңыз досым!» деп жазды Димаш.

Денис Тен 1993 жылғы 13 маусымда Алматыда өмірге келген. Ол үш жасынан бастап коньки тепкен.  2003 жылы 10 жасар Денисті танымал бапкер Елена Буянова байқап, Мәскеуге шақырған. Жеті жыл бойы Мәскеуде ол мәнерлеп сырғанауды меңгерді. Денис өзінің алғашқы ірі жеңісіне 12 жасында Қазақстан чемпионатында қол жеткізген. 13 жасында Нидерландыдағы Гран-придің кіші кезеңінде оныншы орыннан көрінді. 2014 жылдың мамыр айында Тен Қазақ спорт және туризм академиясын қызыл дипломмен бітірді. Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы Бизнес мектебінде оқыды, Мұнай және газ бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды. 2014 жылы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткеннен кейін Денис Тен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы және жалғыз мәнерлеп сырғанаушы – Олимпиада жүлдегері болды. Сонымен қатар, Денис – 2013 және 2015 жылғы әлем чемпионатында, 2015 жылғы құрлықтық чемпионатта, 2017 жылғы қысқы Универсиадада, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарында және мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде медаль жеңіп алған жалғыз қазақстандық спортшы. 2016 жылдың 5 қаңтарында берген сұхбатында Денис Тен 25 жасында спорттан кететінін айтқан. Сүйікті спортымен ғана қош айтысқан жоқ.

2018 жылы 19 шілдеде автоұрылардың қолынан қаза тапты. Денис Тен қаза болған Байсейітов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында Дениске арналған қола ескерткіш орнатылған.

Back to top button