Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар
ашық дереккөзі
Осы аптада,  7-13 маусым аралығында еліміздің Жоғарғы сотында, министрліктерде және өңірлерде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Апта басында Денис Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды. Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Петропавлда дүниеге келген. Ол Омбы мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығында және академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген. Әр жылдары ол ағылшын тілінің аудармашысы және салық полициясы инспекторы болып жұмыс істеді. Петропавл қалалық сотының және Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы болған. 2011 жылдан 2015 жылға дейін – Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болды. 2015 жылы Жоғарғы Соттың судьясы болды. Денис Шиптің орнына ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды. 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі. 1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы. 1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты. 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары. 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы. 2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған. «Ерен еңбегі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған. Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Владимир Божко 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген. Білімі бойынша мамандығы «тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру». Ол әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. Генерал-лейтенант атағы бар. 2007-2014 жылдары Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды. Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі «Барыс», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы болып Қуат Борашев тағайындалды. Қуат Қахарманұлы Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — журналист. Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған. 1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортері болды. 1994-1995 жылдары — орта мектеп мұғалімі. 1995-1997 жылдары — «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы. 1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында — «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы. 1997-2000 жылдары — «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы. 2000-2003 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы. 2003-2005 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі. 2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі. 2005-2006 жылдары — «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі. 2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы. 2007-2012 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 2012-2013 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары. 2013-2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2017 жылдың маусым-қараша аралығында — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы. 2017-2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы. 2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі тағайындауға дейін — ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігі және Түркістан қаласының мәслихат депутаттарының келісімімен Түркістан қаласы әкімі қызметіне Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткен Нұрбол Тұрашбеков 2017-2020 жылдар аралығында Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылдың мамыр айынан Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметіне Емберген Құдайбергенов тағайындалды. Емберген Сәкенұлы Кұдайбергенов 1978 жылы 23 қазанда Алматы облысында туған. 1997 жылы ҚР Алматының жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын, 2016 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарында бастады. Әр жылдары қаржы полициясында, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясында, мемлекеттік меншікті басқару органдарында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2020 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде басшы болды. Алматы қаласы әкімінің креативті экономика жөніндегі штаттағы кеңесшісі болып Ернар Құрмашев тағайындалды. Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туған. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ді тәмамдады. «New York Film Academy»-де тағылымдамадан өткен. «Кazakhstan Computer Graphics» ЖШС басшысы, «Astana Film Fund» кинокомпаниясының директоры, «Almaty Film Festival» халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеді. Алматының Мәдениет басқармасының басшысы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан «Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы болды. «Томирис», «Анаға апарар жол», «Каникулы off-line», «Районы», «Бизнесмендер» сияқты бірқатар қазақстандық фильмнің продюсері ретінде жұмыс жасады. Сонымен бірге, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Мұрат Ахметов тағайындалды. Мұрат Жамбылұлы Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты. 1992-2005 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2005-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы. 2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қаласының, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары прокуратурасында басшылық лауазымдарды атқарды. 2014-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы болды. Қазіргі тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 департаментінің басшысы болды. Жамбыл облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметіне Қайрат Бектембаев тағайындалды. Қайрат Сәлімұлы Бектембаев еңбек жолын 1991 жылы бастап, 25-тен астам жыл бойы қаржы полициясы және мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етті. 2019-2020 жылдары Қарағанды облысы бойынша ЭТД-де басқарма басшысы қызметін атқарған. 2021 жылдың наурызынан бастап Түркістан облысы бойынша ЭТД басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Сәтжан Аблалиев тағайындалды. Ол құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелерімен айналысады. Сәтжан Аблалиев 1970 жылы туған. Алматы автомобиль-жол институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және Қазақ қатынас жолдары университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 1987 жылы еңбек жолын Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясының инженер-техникалық қызметінің оператор-коллектор қызметінен бастаған. Осы тағайындауға дейін Сәтжан Әйтенұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. Және апта соңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Нұрлыбек Ғайсин Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы болып тағайындалды. Нұрлыбек Ғайсин 1971 жылы 2 тамызда Атырау облысында дүниеге келген. Мәскеу әлемдік экономика және қаржы институтын «заңгер» мамандығымен бітірген. Балық шаруашылығы саласында 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Балықшы» балық қорғау инспекциясының мемлекеттік инспекторы лауазымынан бастаған. Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.