Ғарышқа ұшу билеті аукционда 28 млн. долларға сатылды

Ғарышқа ұшу билеті аукционда 28 млн. долларға сатылды

Ғарышқа ұшу билеті аукционда 28 млн. долларға сатылды
ашық дереккөзі
Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды, деп жазды ҚазАқпарат. Бәссаудаға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркелді. «107 нөмірімен адамға 28 миллион долларға сатылды», - деп мәлім етті аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы. Amazon-ның негізін қалаушымен және оның ағасымен бірге ғарышқа кім барады, әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін айтылмақ. Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады. Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізген болатын. Компанияның хабарлауынша, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады.