Қарағанды облысында шетел азаматының телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында шетел азаматының телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында шетел азаматының телефонын тартып алған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында шетелдіктің телефонын тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 маусым күні Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің маңында ашық тонау болды деген хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен жәбірленуші 33 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматы анықталып, ол кешкілік уақытта жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреу шабуыл жасағанын айтқан. Күдікті жәбірленушінің қолынан ұялы телефонын тартып алып, оқиға орынынан ізін суытқан. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай 28 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Одан ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191–бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.