Шымкент тұрғыны 5 миллион теңгеге 380 тонна күріш алып, ақшасын төлемей кеткен

Шымкентте алаяқ тұрғынның бес миллион теңгеге күрішін иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда 2021 жылғы 17 мамырда сағат 13:00 шамасында белгісіз адам оның 380 тонна күрішін заңсыз иемденіп, ақшасын төлеместен, белгісіз бағытқа қашып кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі бес миллион теңгені құрайды. Еңбекші АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, жеткізілді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Back to top button