Елімізде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 11 маусымда халыққа есеп беру жиынында елде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты.

«Жол қозғалысы туралы заңда самокат сияқты көлік құралы көрсетілмеген. Оның бірнеше себебі бар. Аталған көлік құралының сертификациясы жоқ. Екіншіден, олар көлік құралында болуы тиіс талаптарға сәйкес емес, яғни, дөңгелек диаметрі, тоқтату жүйесі, габариттік фонарь, артқы айна, қауіпсіздік жүйесі жоқ. Қазір көше мен трассада электросамокатпен жүруге мүлде тыйым салынған. Олар жол қозғалысының қатысушысы болмағандықтан олардың қозғалысына шектеу қойылады» – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, электросамокат пайдалануға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қазір велосипед жолдары мен тротуарларға қатысты мәселе қаралып жатыр, себебі самокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымды құрайды. Кейбір елдерде шектеу енгізілген. Ұлыбританияда жекелеген аумақтан басқа жерлерде самокаттарды пайдалануға тыйым салынған. Еуропаның өзге елдерінде де жылдамдық режиміне байланысты шектеу енгізіліп жатыр. Бізде бұл мәселе реттелмеген. Қазір барлық мүдделі орган қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы құрылды. Менің ойымша, осы топтың шешіміне қарай заңнамаға өзгерістер енгізіледі деп ойлаймын» – деді Ішкі істер министрі.

Back to top button