Биыл студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі – министр

Биыл студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі – министр

Биыл студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі – министр
ашық дереккөзі
2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «2021 жылы студенттер стипендиясының мөлшері 31 мың теңгеден астам, магистранттар – шамамен 76 мың теңге, докторантар үшін 172 мың теңгеден астам болады. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясын кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген. Егер студенттерге келсек, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап болашақ педагогтердің шәкіртақысы 42 000 теңгеге дейін ұлғайтылған еді», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов биыл студенттерге, магистранттар мен докторанттарға стипендия төлеудің жаңа жүйесі әзірленгенін айтты. Енді стипендия білім алушылардың карта шоттарына тікелей түседі. Министр атап өткендей, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұған дейін шәкіртақы жоғары оқу орнына аударылып, есеп-қисап жүргізілгеннен кейін студентке жіберілетін. Қазір пилоттық жоба іске асырылып жатыр.