Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазақстанда демалыс күндері күн суытады. «Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жылы және құрғақ ауа массалары ауа райының ыстық болуына ықпал етеді. Еліміздің солтүстік жартысына әсер еткен скандинавиялық антициклон енді оңтүстік өңірлерге ойысады. "Оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5...13 градусқа дейін, күндіз 20...28 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің кей жерінде жаңбыр жауады. 12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер болады, жекелеген аудандарда дауыл соғып, бұршақ жауады", - делінген хабарламада.