Машинист жағымсыз иіс сезген: Алматыда теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды

Түрксіб ауданында теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Локомотив машинисі жағымсыз иіске шағымданған.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан ер адамның мәйітін тапты. Тексеру кезінде құжаттары да табылды. Ол – 49 жаста. Алдын ала сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады полициядан.

Өлімнің себебін анықтау үшін ер адамның денесі қалалық мәйітханаға жеткізілді. Онда сот-медициналық сараптама жасалады.

Back to top button