Жаңалықтар

Джим Керри сотталуы мүмкін

ашық дереккөзі

Джим Керри сотталуы мүмкін

Атақты актер Джим Керридің бұрынғы сүйіктісі дәрінің шектен тыс дозасын қабылдап, қайтыс болған Катриона Уайттың анасы актерді сотқа берді, - деп хабарлайды Русская служба Би-би-си. Қайтыс болған қыздың анасы Бриджид Суитманның айтуынша, Керри өз сүйіктісіне жасаған әрекеттері үшін ұялуы керек. "Отбасы ретінде, біз Джим Керридің қандай адам екенін әлемге жариялағымыз келеді. Ол жыныстық қатынас арқылы менің қызыма үш жұқпалы ауру жұқтырып, өзінің кінәсіздігін айтып, оны жаман сөздермен балағаттап, кемсітіп, өзінің қымбат ақы алатын заңгерлерін тартып, қызымның және біздің аузымызды жаппақ болды, осыдан кейін ол қызыма рұқсат етілмеген дәрілерді берді", - деді Суитман. Өз кезегінде актердің адвокаттары мұның барлығы ойдан құрастырылғанын айтып, өздері қорғап отырған адамның еш кінәсі жоқтығын мәлімдеген. Осыған дейін мұндай арызды Джим Керриге қатысты марқұмның заңды күйеуі Марк Бертон АҚШ сотына берген. Ол актерді ақшасы мен беделінің арқасында қызға қымбат әрі тек рецепт арқылы берілетін дәрілерді алып беріп отырғанын айтқан. Ол өзінің арызында 2013 жылы Керридің қызға герпестің екі түрі және соз ауруы (гонорея) жұқтырғанын және қызға ешкімге айтпай, құпияда сақтауы үшін қысым көрсеткен. Еске салайық, 30 жастағы Катриона Уайт, грим жасайтын қызды полицейлер өткен жылы Лос-Анджелестегі өз үйінде өлі күйінде тапқан. Қайтыс болғанға дейін бірнеше сағат бұрын Керри мен Уайт кездесуін тоқтататын болып шешкен. Джим Керри Уайттың танысқан кездің өзінде-ақ жағдайы ауыр екенін айтқан.