Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмысы: ТЖМ жаңа мәлімет берді

Кинологиялық есепті қоса алғанда 10 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) жеке құрамы, Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыруда.

10 маусым күні Өгем арнасының бойындағы Жетіүңгір шатқалы мен Өгем және Айғыржыққан өзендерінің қосылған жері зерттелді, алайда іздеу жұмысы нәтиже бермеді.

11 маусымда РЖҚЖ құтқарушылары тікұшақпен туристердің заттары табылған жерге жеткізілді.

«Құтқарушылар екі топқа бөлініп, Айғыржыққан шатқалында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Іздеу-құтқару жұмыстары өзеннің күшті ағысына және таулы рельефке байланысты күрделене түсуде. Сонымен қатар, жоғалған студенттерді іздеу аймағын кеңейту мақсатында, 11 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағынан қосымша күш ретінде, жеке құрамнан 8 адам жіберілді, оның 2 кинологиялық есеп», – деп хабарлады «ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі.

4a030f4b 0b31 4323 b702 5228a4549c14

Back to top button