Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: Алматы бойынша жаңа басшы тағайындалды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: Алматы бойынша жаңа басшы тағайындалды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: Алматы бойынша жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
Мұрат Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов таныстырды. Мұрат Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты. 1992-2005 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2005-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы. 2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қаласының, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары прокуратурасында басшылық лауазымдарды атқарды. 2014-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы болды. Қазіргі тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 департаментінің басшысы болды.