Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады. Видеоны бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында жариялады.

Илон Маск Tesla Motors қызмет көрсету орталығы Қазақстанда 2021 жылдың соңында, не келесі жылы ашылатынын айтты.

«АҚШ-тағы тілшіміз Әнуарбек Иманбаев Tesla Plaid тұсаукесерінен видео жіберді. Илон Маск оған Tesla Motors қызмет көрсету орталығы Қазақстанда жылдың соңында немесе келесі жылы ашылатынын айтты. Илан Gigafactory Kazakhstan туралы сұрақтан қашып, Техас пен Берлинді еске алды», – деп жазды Бейбіт Әлібеков.

Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Tesla ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады.

 

Back to top button