«Ештеңе айта алмаймын»: министр Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдіре алмады

«Ештеңе айта алмаймын»: министр Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдіре алмады

«Ештеңе айта алмаймын»: министр Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдіре алмады
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді. «Бұл тергеудің егжей-тегжейін айта алмаймын, себебі іс Алматы қаласының арнайы прокурорларының өндірісінде жатыр. Біз күдіктінің ұсталғаны және оның қылмысты жасағаны туралы алғашқы ақпаратты бердік. Кез келген осындай қылмыстар үшін айыпталушының психикалық жағдайына күмән туындағанда әрдайым сот-психиатриялық сараптама жүргізіледі. Менің ойымша, бұл іс бойынша да сондай сараптама тағайындалады. Нәтижелерді Алматы қаласының прокуратура органдарынан біле аласыздар. Мен ештеңе айта алмаймын», – деді Е.Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.