Әлем картасында бесінші мұхит пайда болады

Ұлттық географиялық қоғам Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардан кейінгі бесінші жаһандық мұхит – Оңтүстік мұхитты ресми түрде жариялады, деп хабарлайды National Geographic.

мұхит
National Geographic

Бұл – Антарктиданың айналасынан 60 градус Оңтүстік ендікке дейінгі аймақты алып жатқан су.

«Оңтүстік мұхитты ғалымдар бұрыннан таныды, бірақ халықаралық деңгейде ешқашан келісім болмағандықтан, біз оны ешқашан ресми түрде мойындамадық», – дейді Ұлттық Географиялық қоғамның географы Алекс Тейт.

Ғалымдардың пікірінше, мұхиттың ерекшелігі көп. Оған қоса бұл басқа үш мұхитпен шектесіп жатқан жалғыз мұхит.

Back to top button