Түркістан облысында көшеде қару ұстап жүрген ер адам ұсталды

Түркістан облысында көшеде қару ұстап жүрген ер адам ұсталды

Түркістан облысында көшеде қару ұстап жүрген ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында көшеде жүрген ер адамнан қару табылды. Оқиға Келес ауданында болған. Аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Рамазан Шалқар «Қару» рейді аясындағы кезекшілігі барысында автотұрақтардың бірінен қолында қаруға ұқсас заты бар жас жігітті көрген. «Бірден әрекет еткен полицей, тексеру кезінде тұрғыннан «МР-371» маркалы тапанша қаруын анықтап, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Содан оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырды. Аталған деректі Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабымен («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») тіркеді», – деді Түркістан облыстық Полиция департаментінен. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Мал бағумен айналысатын ол, қаруды қырдан тауып алғанын жеткізген. Сараптама тағайындалды. Ер адамға қатысты «қолхат алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.