Коронавирус: елімізде 12 науқас қайтыс болды, 521-інің жағдайы ауыр

Коронавирус: елімізде 12 науқас қайтыс болды, 521-інің жағдайы ауыр

Коронавирус: елімізде 12 науқас қайтыс болды, 521-інің жағдайы ауыр
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды. 11 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 21 951 адам (20 890 КВИ+ және 1 061 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 368 пациент – стационарда, 14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
  • 521 адамның жағдайы ауыр;
  • 111 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Сондай-ақ министрліктің 9 маусымдағы соңғы ақпаратына сәйкес, Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 12 адам қайтыс болды.