Бұл елге бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр – БҰҰ

Бұл елге бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр – БҰҰ

Бұл елге бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр – БҰҰ
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Эфиопия аймағының тұрғындары соңғы онжылдықта бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Ұйымның жаңа баяндамасында Эфиопиялық Тыграй аймағының әскери қақтығысынан зардап шеккен тұрғындарының 70 пайыздан астамы жарытып тамақ жемейді делінген. БҰҰ-да қабылданған жіктеуге сәйкес, өңірдің 350 мың тұрғыны аштыққа жақын, бұл азық-түлік тапшылығының соңғы, бесінші кезеңі. БҰҰ-ның хабарлауынша, соңғы онжылдықта бірде-бір елде аштық алдында тұрған адамдардың қарасы мұндай көп болмаған. Эфиопияның солтүстігінде 5,5 миллион адам тамаққа жарымай отыр. Қақтығыстан ауыл тұрғындары қатты зардап шекті.