Бұл елге бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр – БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Эфиопия аймағының тұрғындары соңғы онжылдықта бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

Ұйымның жаңа баяндамасында Эфиопиялық Тыграй аймағының әскери қақтығысынан зардап шеккен тұрғындарының 70 пайыздан астамы жарытып тамақ жемейді делінген.

БҰҰ-да қабылданған жіктеуге сәйкес, өңірдің 350 мың тұрғыны аштыққа жақын, бұл азық-түлік тапшылығының соңғы, бесінші кезеңі.

БҰҰ-ның хабарлауынша, соңғы онжылдықта бірде-бір елде аштық алдында тұрған адамдардың қарасы мұндай көп болмаған. Эфиопияның солтүстігінде 5,5 миллион адам тамаққа жарымай отыр. Қақтығыстан ауыл тұрғындары қатты зардап шекті.

 

 

Back to top button