Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады - Қазгидромет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады - Қазгидромет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады - Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты құбылмалы, тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с болады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел қарқыны 15-20, күндіз 25 м/с жетеді. Таулы аудандарда дауыл болады. Алматы облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіліп, найзағай кезінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл көтеріліп, бұршақ жауады. Күндіз жел жылдамдығы - 25 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.