Жаңалықтар

Алматыда қыз ұрламақ болғандар ұсталды (видео)

ашық дереккөзі

Алматыда қыз ұрламақ болғандар ұсталды (видео)

Желіде қызды көлікке отырғызып, ұрлап әкетпек болғандардың әрекеті түсірілген видео жарияланды. Видеода қыздың айғайлап, жылап жатқанын көруге болады. Жазба авторы оқиға Алматыдағы «Армада» сауда кешенінің маңында болғанын айтты. Алматы полиция департаменті өкілдері қыз өтініш жазудан бас тартқанын хабарлады. Ақпарат бойынша, ол жігітімен үш жыл кездескен. Шағымы жоқ.