Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды

Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды

Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы ұсталды. Полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлады КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, жоғары шенді полиция қызметкерінің ұсталуы көбіне тосын жағдай болған, себебі Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар. Күзде ол зейнетке шығады.
Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері қамауға алу туралы деректі растады, бірақ басқа ақпарат бермеді. Департамент басшысы әлеуметтік желілерде тергеу басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекетінде бірқатар заңбұзушылық анықталғанын ғана жазды.