Левит: Токио олимпиадасына дайындық керек

Левит: Токио олимпиадасына дайындық керек

Левит: Токио олимпиадасына дайындық керек
ашық дереккөзі
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Василий Левит Vesti.kz сайтына берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысатыны жөнінде жоспары жоқ екенін айтты. Неге мұндай шешімге келдіңіз деген сұраққа Левит мұның ұжымдасып шешілгенін айтты. "Мен ата-анаммен ақылдастым, басшылықпен және өзімде ойландым. Әуесқой бокста мен өзімді әлі көрсетемін. Онда өте көп жарыс бар", - деді боксшы. Соңғы Олимпиада ойынының жүлдегері, Токиода өтетін Олимпиадаға қатысуды қалайды. "Бұл енді құдайдың бергеніне байланысты. Төрт жыл дегеніміз өте ұзақ мерзім. Өзіңді сақтау қажет, қалпыңды дұрыстап, лицензияны жеңіп алуға тырысу керек", - деді Левит. Ол бастамасын келесі жылы өтетін Азия чемпионатынан және әлем чемпионатынан бастамақ. Алайда Левиттің кәсіпқой боксқа ауысу мәселесі әлі шешілмей тұр. "Әзірше әуесқой бокста боламын, ары қарай уақыт көрсете жатар. Менің ойымша барлық жағдайды ескеру қажет. Бұл өмірде барлығы да түгелдей өзгеруі мүмкін", - деді боксшы.