Нұрлан Нығматулин: Жаңа заң жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетеді

Нұрлан Нығматулин: Жаңа заң жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетеді

Нұрлан Нығматулин: Жаңа заң жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетеді
ашық дереккөзі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда талқылау кезінде Палата Спикері Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қызметтердің, ең алдымен, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге назар аударды.
"Қазірдің өзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, іс-қимыл алгоритмін жасаудың маңызы зор. Ата-аналар қауымдастығы тарапынан дүрлігуді болдырмау үшін ақпараттық жүйелердің барлық интеграциялық процестерін жедел аяқтау қажет", - деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжілісмендердің пікірінше, жаңа заң жобасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін: 1-топ үшін 1,92 ең төменгі күнкөріс деңгейіне (км), 2-топ үшін-1,59 км дейін, 3 – топ үшін-1,4 км дейін арттыру көзделуіне байланысты түсіндіру жұмыстарын бастау қажет екені айтылды.