Ухнаагийн Хүрэлсүх Моңғолияның Президент сайлауында жеңіске жетті
Ухнаагийн Хүрэлсүх Моңғолияның Президент сайлауында жеңіске жетті
Моңғолияның бұрыңғы Премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх 9 маусымда өткен президент сайлауында жеңіске жетті, - деп хабарлайды kaznews.mn порталы.
[caption id="attachment_148475" align="alignnone" width="640"] Баян-Өлгей аймағы, Наурыз мейрамы[/caption]
Моңғолияның президент сайлауына Моңғол Халық (республикашыл) партиясы атын ұсынған Ухнаагийн Хүрэлсүх 822 923 дауыс (67.8%), «Дұрыс адам» элоктораты коалициясы атын ұсынған Дангаасүрэнгийн Энхбат 246 955 дауыс (20,3%), оппозициялық Демократия партиясы атын ұсынған Содномзундуйн Эрдэнэ 72 800 дауыс (6%) жинаған. Сонымен бірге 71 921 бюллетень жарамсыз болып тіркелген.
Еске салсақ, У. Хүрэлсүх демократиялық жолмен сайланған Моңғолияның алтыншы президенті.