Алакөлге қатынайтын пойыз бағыттары мен билет бағасы белгіленді

Алакөлге қатынайтын пойыз бағыттары мен билет бағасы белгіленді

Алакөлге қатынайтын пойыз бағыттары мен билет бағасы белгіленді
ашық дереккөзі
Бүгінде Алакөлге бірнеше өңірден пойыздар қатынайды. Соның бірі «Нұр-Сұлтан-Достық» бағыты, ал 20 маусымнан бастап осы бағытта тағы бір қосымша пойыз қатынай бастайды. «Ал Алматыдан 18 маусымнан бастап «Алматы-Достық» пойызы жүре бастайды. Тасымалдаушы «Vagon Service Almaty», сонымен қатар Алматы 2-Достық» бағыты бойынша да пойыз желісін іске қосу жоспарланып отыр, - деді «Жолаушылар тасылмалы» АҚ бас директорының орынбасары Виктор Бошманн. Одан бөлек, Алакөлге ШҚО-дан «Семей-Достық», «Өскемен-Достық» және «Ақтоғай-Достық» пойыздарының жүретіндігі айтылды. «Жалпы Достыққа 1 ұлттық және 3 жеке тасымал компаниясының пойыздары қатынайды. Қазіргі уақытта барлық бағыт бойынша алдағы 45 күнге 76 мың пойыз билеті сатылымға шықты. Ал алдағы 45 күнге 45 мың билет сатылды. Пойыз билеттері күн сайын таңғы сағат 7-ден алдын ала 45 күнге сатыла бастауда. Еркін сатылымда 30 мыңдай билет қалды. Қалған билеттердің барлығы Алакөлге немесе керісінше бағыттағы пойыздарға тиесілі», - дейді ол. Оның айтуынша, Алакөлге Алматы қаласынан пойыз билетінің тапшылығы байқалады. Күніне 264-тен 728 билетке дейін сатылады.