Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?

Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?

Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?
ашық дереккөзі
Түркістанның іргесіндегі Ескі Ихан ауылы – ежелден алма бағымен даңқы алысқа кетіп жатқан құтты ме­кен. Қазір бағбандардың алма, алша, жү­зім, өрік, алмұрт бағы жеміс беруде. Бә­рінен бұрын бау-бақшаларға елге сый­лы, халқына қадірлі, ардақты ата­лар­дың атын қоюы қызықтырады. Мұнда білікті педагог, іскер басшы, өнегелі ұстаз Дадаш Маннатовтың 100 жыл­дығына арналған «Ұстаздар» бауы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері «Сейіт­ка­мал ата», «Мұзаффар ата», «Абдувахид ата» бау­лары тәжірибелі дәрігер, хирург Ергеш Да­дашұлының 75 жылдығына арналған «Дә­рі­гер­лер бауы» бой көтергені қызықтырады. Ескі Ихан ауылындағы бейнеткеш ди­қан қауымның ойынан шығатындай су жүйесін тарту әрине оңайға түскен жоқ. Се­бебі, бұл маңайдағы су тұзды болған соң егі­с­тіктің маңы түгелдей сорланып бара жат­ты. Бұл мәселе қабырғасына аяздай батқан ауыл әкімі Даныш үлкенді-кішілі емен есік­тер­ді ондаған жылдар бойы тынбай жағалап жү­ріп, бүкіл егіс алқабына 100 шақырым су ар­насын тартқызып, 64 құдық қаздырып, бар­лық егіс алқабына электр жүйесін жет­кізді. Бұл әрине оңайға түскен жоқ. Жетінші бауды туыстары Дадаш Маннатов атындағы ұстаздар бауы деп атауды хош көрді. Себебі Дадаш ақсақалдың математика, алгебраға жетік шәкірттері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде халық шаруашылығын да­мытып жатыр. Ал бағбандығын ұстанған ұрпақтары туған жерін иран бағына айнал­дыруда. Дадаш атаның 150 гектарлық бауын­да алма, алша, алмұрт, өрік, жүзім жайқалып тұр. Баудың иелері таяу болашақта жол жие­гіндегі иран бағын еліміздің ұстаздар қауы-мы қы­зығатындай ерекше демалыс орнына ай­налдыруды жоспарлап отыр. Даныш Маннатов Ескі Ихан ауылының қорғаушысы һәм қолдаушысы деуге болады. Оның демеушілігімен жасалған қайырымдылық шаралары, мешіт салғызуы өз алдына бір бөлек әңгіме. Бәрінен бұрын Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан ауыл­дың үстін басып өтетін «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» халықаралық автожолының жо­басына қарсы шығып, өзінің табандылы­ғын көрсетіп, ауылдың сыртына үкіметтік тұр­ғыда айналма жолды өткізуі бір ерлік. Қазір ойлап қарасаңыз, тәулігіне жиырма мың­ға жуық жүк тиеген автокөліктер сүттей ұйыған тып-тыныш ауылдың ортасын басып өткенде не болар еді? Бір қызығы, мұндағы диқандар алма бақтарын еліміздің «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасымен үйлестіріп отыр. Шынды­ғын­да жер емген диқандық пен ардақты дәрі­гер, ұстаздай мамандық иелеріне деген құр­метті қатар алып келеді. Мәселен, туға­нына биыл 735 жыл толып отырған Иханнан шыққан дүние жүзіне атақты ғұлама ғалым, ислам діні қайраткері «Қауаммад-дин әл Итқани әл Түркістанидің атындағы бау» да осын­да. Бұл бауды өткен жылы республика­мызда тұңғыш рет осы ауылда өткізілген ха­­­лықаралық онлайн конференцияға қа­тыс­қан Әбсаттар қажы Дәрбісәлі көріп, таң-та­ма­ша қалды. Өз қолымен алма ағашын отыр­ғызды. Бұл белгілі тұлғалардың атына бау бағыштау бастамашылығы 1995 жылдан басталады. Себебі Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы сәуір­дің 13-інде отырғызған өрік ағашы қазір жеміс беріп тұр. сол жолғы қабылдауда Елбасы­ның «Түркістан қақ­пасы халқымызға, ғимарат иелеріне ба­қыт, зор табыс әкелсін!» деп қалдырған қол­таң­басы көрнекті жерге орналас­тырыл­ған. Міне, осы «Ұлы қақпа кешені» аума­ғы­нан «Түркістан – түркі әлемінің ру­хани астанасы» атындағы бау бой көтерді. Бар­лық баулардың бастамашысы һәм демеу­шісі Даныш Маннатов осы өңірді болашақта түркі халықтарының демалыс бағына ай­налдыру жобасын жайып салды. Даныш Маннатов мырза екінші тынысы ашылып, әлемге түркі халқының рухани аста­насы болып жарияланған түркістандық де­ген атқа әрбір жан лайық болып, сол дәре­же­де қызмет көрсетсе деген лебізін жеткізді. Даңқы алысқа кетіп жатқан ескі ихандық Даныш Ман­натовтың жобасы түркі ха­лық­тары тара­пынан қолдау тапса игі. «Біз Түр­кістан­дық­тар­мыз» циклын жарғақ құлағы жастыққа тимей ел-жұртының қамын жеген ескі ихандық Даныш Маннатовтан бастап отыр­ғанымыздың се­бебі де осы. Әрбір түр­кістандық жүрекжарды жо­баларын шар­ша­май, талмай Даныш ақ­сақал­дай жүз пайыз жүзеге асырып отырса, Елбасы аңсаған елу дамыған ел емес, отыз елдің қа­тарынан ойып орын алатындай әлеуетіміз мол.

Ескендір ЕРТАЙ