Ақтөбеде ауыл клубы өртеніп кетті

Ақтөбеде ауыл клубы өртеніп кетті

Ақтөбеде ауыл клубы өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас ауылында клуб өртеніп кетті. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап берді. 9 маусым күні сағат 18:37-де Шалқар ауданы, Қотыртас ауылы, Мектеп көшесінде орналасқан ауыл клубы отқа оранған. «Алдымен шатыры жанды. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер мен 2 техника жедел түрде жіберілді. Өрт сағат 21:50-де ауыздықталып, 22:10-да толық сөндірілді. Жалпы аумағы – 187 шаршы метр», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті.