Тәуелсіздік күнтізбесі

1995 жылғы 12 маусымда Елбасы Н.Назарбаев Алматыда Түркия Рес­публикасының Президенті С.Демирелді қабылдады.
1996 жылғы 13-15 маусымда ҚР басшылығының шақыруы бойынша Ислам Даму Банкінің (ИДБ) президенті Ахмед Мухамед Али бастаған ИБД-нің делегациясы ресми сапармен Қазақстанға келді.
1998 жылғы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа астананың ресми тұ­­­саукесері болып, астана күні тойланды.
2000 жылғы 16 маусымда елордаға «Қалалар – бейбітшілік үшін» ЮНЕСКО сый­лығының сертификаты табыс етілді.
2001 жылғы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ын­тымақтастық ұйымы» құрылды.
2006 жылғы 17 маусымда Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шара­лары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) екінші саммиті болды.
2006 жылғы 18 маусымда «ҚАЗСАТ» атты тұңғыш геостационарлық жер серігі Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державалар қатарына қарай аяқ басқан алғашқы қадамының хабаршысындай болған осы жер серігінің ұшырылу сәтін Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арнайы келіп бақылады.
2007 жылғы 10 маусымда Санкт-Петербургте халықаралық дәрежедегі екі үлкен бас­қосу өтті. Оның біріншісі – XI Петербург халықаралық экономикалық форумы, екін­шісі – ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті. Мемлекетаралық дең­гейде өтіп отырған бұл екі басқосуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.
2010 жылғы 11 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының кезекті саммитіне қатысып, сөз сөйледі.
2014 жылғы 19 маусымда Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кездесті.

Яна РАХМАНОВА

Back to top button