Оралда ер адам велосипедтен құлап, көз жұмды

Оралда ер адам велосипедтен құлап, көз жұмды

Оралда ер адам велосипедтен құлап, көз жұмды
ашық дереккөзі
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 10 маусым күні таңда болған. «Шамамен таңғы сағат 07.00-де велосипедпен келе жатқан 62 жастағы ер адам құлап, мерт болды. Оның құлап жатқанын көрген адамдар жедел жәрдем шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша 1959 жылғы ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады», – деп хабарлады ведомстводан. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.  width=